Өзбекстан мен Қырғыз Республикасы шекара туралы жаңа келісімге қол қоймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан мен Қырғыз Республикасы шекара туралы жаңа келісімге қол қоймақ

24.03.2014
Өзбекстан мен Қырғыз Республикасы шекара туралы жаңа келісімге қол қоймақ
Қырғыз Республикасында 17-20 наурыз аралығында Өзбекстан мен Қырғыз Республикасы арасында шекараның делимитациясы мен демаркациясы мәселелері бойынша екі елдің үкіметтік жұмыс топтарының кездесуі өтті.
 
«Кездесу барысында тараптар Өзбекстан-Қырғыз Республикасы мемлекеттік шекарасы сызығының сипаттамасы жобасын және тиісті картографиялық материалдарды талқылауды жалғастырды. Оның қорытындысы бойынша кездесудің Хаттамасына қол қойылды», - делінген Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.
 
Белгілі болғандай, қазіргі кезде тараптар проблемалық сұрақтар жоқ учаскелер бойынша Мемлекеттік шекара туралы келісімге жақын арада қол қою мүмкіндігін қарастыруда.
 
Соңғы кездері бірлескен шекарада бірнеше мәрте орын алған кикілжің салдарынан 2013 жылдың соңынан бері мемлекеттік шекараның делимитациясы мен демаркациясы бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Хабарламаларға жазылу