«Ел арна» хабар таратуын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ел арна» хабар таратуын тоқтатты

18.03.2014
«Ел арна» хабар таратуын тоқтатты
«Ел арна» телеарнасы 18 наурыздан бастап хабар таратуын тоқтатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
 
Қазір телеарнаның жиілігінде «24.kz» тәуліктік ақпараттық телеарнасы хабар таратуда. «Хабар» агенттігі» АҚ хабарлауынша, 18 наурыздан бастап «24.kz» телеарнасы Қазақстан аумағының 98,8 пайызына қолжетімді болады.
 
Бұрын «24.kz» кабельді және жерсеріктік «OtauTV» ұлттық желісінде Қазақстан аумағының тек  37 пайызына ғана таратылған болатын. Енді телеарна «Ел арна» жиілігінде тәулігіне 16 сағат хабар таратпақ.

«Ел арна» телеарнасы 2000 жылы ашылған еді. 2004 жылы арнаның бағыты өзгеріп, жастар аудиториясына икемделген болатын. Телеарнаның жабылатыны туралы ақпарат 2014 жылдың қаңтарында тарады.
 
Кейін Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, жыл сайын «Ел арна» телеарнасына бөлінген 2 миллиард теңге болашақта «24.kz» телеарнасының тілшілер қосынын ашуға және 2 фильм түсіруге жұмсалмақ.

Хабарламаларға жазылу