Елімізде жекпе-жектер көрсетілетін UFC TV каналы ашылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жекпе-жектер көрсетілетін UFC TV каналы ашылатын болды

17.01.2020

Қазақстанда «UFC TV» спорт арнасы хабар таратуын бастады. Ол үшін «TV COM» «QAZSPORT» арнасымен бірге серіктестік келісімге келді. Тағы бір ақпар. UFC ережесіз жекпе-жегін қазақстан көрермендері тікелей эфирде «QAZSPORT» телеарнасынан тамашалай алады. 19 қаңтар күні таңғы сағат 7:00-де басталатын Конор Макгрегор мен Дональд Серроненің Лас-Вегаста өтетін кездесуі 5 сағатқа созылады деп жоспарланған. Конор Макгрегор соңғы 15 ай бойы жекпе-жек өткізген жоқ. Осыған дейін 25 кездесудің жиырма бірінде жеңілген спортшы мен ирландиялық «Ковбой» арасында өтетін кездесу, жыл басындағы ең маңызды спорттық оқиға болмақ.

Оңғар АЛПЫСБАЙ



Хабарламаларға жазылу