Есен Елеукен: «Tamasha TV» арнасына қатысты көрермен ұсыныстары ескеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есен Елеукен: «Tamasha TV» арнасына қатысты көрермен ұсыныстары ескеріледі

03.09.2018

Қыркүйектің 1-нен бастап, ойын-сауықтық «Tamasha TV» телеарнасы көрсетілімін бастады. Жаңа телеарна Отау tv және ID tv пакеттерінде HD форматында қолжетімді. Эфир «Қазақстан» Телерадиокорпорациясының ішкі өнімдерімен толықтырылмақ. Арна директоры Есен Елеукен «Таңшолпан» бағдарламасына арнайы сұхбат берді. Айтуынша, арна аудиториясы еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін. Хабар тарату ұзақтығы – 20 сағат. «Tamasha TV.kz»  сайты арқылы онлайн көруге болады.

Сондай-ақ, «Tamasha TV» арнасының ашылуы әлеуметтік желілерде толқын тұрғызған.

Көрермендер арнаға хабарласып, өз ұсыныстарын айтқан. Арна директоры осы ұсыныстарды ескеретінін, жақсы ұсыныстарды жарыққа шығаратынын айтты.

Алдағы уақытта арнаға әзіл-сықақтың «майын ішіп, жілігін шаққан» ел ағалары да тартылмақ. Келесі жаңа маусымда арна жаңа жобалардың тұсауын кеседі. Ол күнтізбедегі мереке күндеріне арналған әзіл концерттері мен театрлардың шығармашылық кештері, т.б.

Хабарламаларға жазылу