Қазақта «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi», «Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», деген бар.
Бабаларымыз қыздың тәртібі мен тәлім-тәрбиесіне айрықша мән беріп, адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке, мәдениеттілікке баулып отырған. «Қызға қырық үйден тыйым» қағидасы – сол тәрбиенің бір саласы.
Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» қазіргі заманда қазақ қызына беріліп жатқан тәрбие турасында әңгіме өрбітпек.