Испанияда үйден шығуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда үйден шығуға тыйым салынды

05.09.2023

Испанияның бірнеше қаласында тұрғындардың үйден шығуға тыйым салынды. Бұл аймаақтағы ауа райының қолайсыздығына байланысты. Өткен аптаның соңынан бері дамылсыз жауған нөсер жауын соңы тасқынға ұласқан. Оның үстіне қатты жел тұрды.Табиғи апаттан екі адам қаза тауып, үш тұрғын жоғалып кеткен. Оларды полиция іздестіріп жатыр. Мадрид, Кастилия, Каталония және Валенсия сынды бірнеше өңірде көшелер өзенге айналған. Кей аудандарда жаңбыр аралас бұршақ жауды. Өзендер арнасынан тасып, көпірлер бұзылған. Көлік жолдары, бірқатар метро желісі жабылды.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу