Атырауда 13 жастағы қыз баланы ит талап тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 13 жастағы қыз баланы ит талап тастады

14.12.2021

Атырауда 13 жастағы қыз баланы ит талап тастады. Денесінің сау тамтығы қалмаған жасөспірім бірден жансақтау бөліміне түсті. Оқиға қала маңындағы Дамба елді мекенінде болды. Кешқұрым би үйірмесіне құрбыларымен бара жатқан қызға бірнеше бұралқы ит тап берген. Достары қашып үлгеріп, үлкендерге хабарлайды. Иттің азуынан жасөспірімді ауыл тұрғыны құтқарып қалған. Биылдың өзінде қаңғыбас итке таланған 152 бала ауруханаға түскен.

Гүлдана Қабасова, Атырау қаласының тұрғыны:

 Сағат алтылар шамасында үйден шығып кетті би үйірмесіне барам деп. Сол орта жола болған жағдай. Төрт ит бірдей жабылып қызыма қапқан ғой.

Әлия Жәмитова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Қыздың жағдайы ауыр, беті мен иығында, қол-аяғы мен жамбасында жарақаты бар. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.


Хабарламаларға жазылу