Денис Тен Әлем чемпионатына қатыспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен Әлем чемпионатына қатыспайды

06.03.2014
Денис Тен Әлем чемпионатына қатыспайды
Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Жапонияда өтетін Әлем чемпионатына қатыспайды. Бұл туралы спортшы өзінің твиттерінде хабарлады.
 
«Өкінішке қарай, мен Әлем чемпионатына қатыспаймын. Жарысқа баруды жоспарлап қойған жанкүйерлерімнен кешірім өтінемін. Мәселе шешілгеннен кейін, мен жаңа күшпен қайта ораламын», - деп жазды Тен.
 
Айта кетейік, Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының 5 наурызда жаңартылған қатысушылар тізімінде Денис Тен жоқ. Әлем чемпионатында ел намысын тек Абзал Рақымғалиев қорғайды.
 
Мәнерлеп сырғанаудан әлем біріншілігі 24-30 наурызда Жапонияның Саитама қаласында өтеді.

Хабарламаларға жазылу