Денис Тен жанкүйерлеріне алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен жанкүйерлеріне алғыс айтты

29.03.2015
Денис Тен жанкүйерлеріне алғыс айтты

Мәнерлеп сырғанаудан Шанхайда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Денис Тен қазақстандық жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

«Әлем чемпионатының тағы бір алқасына ие болғаныма қуаныштымын. Бұл нәтиже жаман емес. Еркін бағдарламада үздік атанғаныма ризамын. Жанкүйерлеріме қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл жолы олардың қатары қалың болды. Мұндайды күтпегендіктен риза болдым. Жаңа ғана маған флешмоб туралы айтты, соңғы кездері әлеуметтік желілерде отырмаймын. Барлығына алғысым шексіз. Мен сіздердің бастамаларыңызды жоғары бағалаймын. Менің көрсеткен өнерім сіздерге кішкентай болса да қуаныш сыйлады деп үміттенемін. Алда жүзеге асыратын ауқымды жоспарларым бар», - деді Денис Тен»,- деп хабарлады Vesti.kz.

Еске сала кетейік, испаниялық Хавьер Фернандес Әлем чемпионы атанды, екінші орынға жапониялық Юдзуру Ханю ие болса, үздік үштікті Денис Тен тұйықтады. Денис Теннің қысқа бағдарламасы алдында оның Қазақстандағы және шетелдердегі жанкүйерлері спортшыны қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырған.

Хабарламаларға жазылу