«Адамға ілтифат» фильмін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Адамға ілтифат» фильмін көріңіз

01.03.2014
«Адамға ілтифат» фильмін көріңіз
 
Мінезі тік әрі күлдіргілеу Адам есімді жұмысшы жігіттің жеке өмірінде де, қызмет бабында да жағдайы мәз болмады. Анасын сыйлағандықтан ғана Адамды биікте монтаждаушы тобына қабылдайды.
 
Оның  жаңа міндетіне кіріскені сол еді, таудағы демалыс базасына арзан жолдама табыла кетеді. Оның Іле Алатауындағы бастан кешкен шытырман оқиғалары өмірінің ұмытылмас бөлігіне айналды.
 
Бір күні аспалы жол істен шығып, шаңғышылардың тауда қатып қалу қаупі туындайды. Сол кезде Адам аспалы жолды жөндеп береді. Дінмұхамед Ахымов, Сәбира Майқанова,  Людмила Стоянова сынды әртістердің шеберлігін «Адамға ілтифат» фильмінен көріңіз.
 
Бүгін Ұлттық арнада 18.25-те.

Хабарламаларға жазылу