Ұлттық арнада - «Адамға ілтифат» фильмі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада - «Адамға ілтифат» фильмі

31.01.2016
Ұлттық арнада - «Адамға ілтифат» фильмі

Мінезі тік әрі күлдіргі Адам есімді жігіттің жеке өмірінде де, қызмет бабында да жағдай мәз емес. Анасын сыйлағандықтан ғана оны биікте монтаждаушы тобына қабылдайды.

Жігіт жаңа міндетіне кіріскені сол еді, таудағы демалыс базасына арзан жолдама табыла кетеді. Оның Іле Алатауындағы бастан кешкен шытырман оқиғалары өмірінің ұмытылмас бөлігіне айналды.

Бір күні аспалы жол істен шығады. Шаңғышылар тауда қалып қоймас үшін  оны жөндеуге тура келеді. Өзге жұрттың зәресін алған жағдайда Адам еш саспастан, бәрін жөндеп береді...

Дінмұхамед (Димаш) Ахымов,  Сәбира Майқанова,  Людмила Стоянова,  Вадим Александров кейіпкерлерін сомдаған  «Адамға ілтифат» фильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 23:30-да тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу