Кәукен Кенжетаев - өнерге 70 жылдан аса қалтқысыз қызмет еткен тұлға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәукен Кенжетаев - өнерге 70 жылдан аса қалтқысыз қызмет еткен тұлға

25.02.2016
Кәукен Кенжетаев - өнерге 70 жылдан аса қалтқысыз қызмет еткен  тұлға

Кәукен Кенжетаев – ғасырға жуық ғұмыр кешіп, өнерге 70 жылдан аса қалтқысыз қызмет еткен  тұлға. Ол шырқаған әндер мен орындаған партиялар қазақ өнерін биік белеске көтерді.

Кезінде белгілі сыншы Әшірбек Сығай өнер иесі орындаған әндер туралы айта келіп, «Ән төресі – «Алтыбасар»,-деген еді.

Режиссер, ҚР Халық әртісі Маман Байсеркеұлы: «Кәукен Кенжетаев негізі опера әншісі. Сол операмен қатар, ол кісі қазақ әндерін де жақсы орындаған. Мен Кәукеннің орындауында Мәди, Ақан, Біржан, Естайдың әндерін көп естідім»,-дейді.

Ол қазақ ұлттық сахна өнері мен кино саласында көптеген бейне сомдап, сол рөлді ойнаушыдан гөрі оны тұщымды етіп шығаруды ойлаушының міндетін көбірек атқарған. Ішкі жан дүниесі мен сыртқы келбеті үндескен актердің режиссердің жүгін бірге көтеріп, шынайы суреткер деңгейіне көтерілуі сирек құбылыс.

Сондай-ақ, Кәукен Кенжетаев қазақ, орыс және әлем халықтары операларындағы басты партияларды биік деңгейге жеткізе орындады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу