Салмағы 27 келі ғажайып тас табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салмағы 27 келі ғажайып тас табылды

21.02.2014
Салмағы 27 келі ғажайып тас табылды
Ресейдегі Ярослав қаласының тұрғыны салмағы 27 келі ерекше тас тауып алды. Бұл метеорит сынығы болуы мүмкін.
 
Ярослав мемлекеттік университетінің жанындағы  «Диагностика және наножүйе» орталығында жүргізілген алғашқы зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда, онда жер бетіндегі тастарға ұқсамайтын бөлек белгілер бар.
 
Орталық қызметкерінің айтуынша, тастың көлемі 30 сантиметр шамасында. Ол жұмыртқаға ұқсас және аздап балқыған.
 
Жергілікті тұрғындардың мұндай олжаны табуы өте сирек кездеседі. Егер ғалымдар оның жерден тыс әлемге тән екендігін анықтар болса,  иесі  ғажайып тасты 1947 жылы Рыбинск су қоймасын тұрғызған кезде  оның астында қалған Молога  қаласының құрметіне  Моложск метеориті деп атамаққа ниеттеніп отыр, деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС.

Хабарламаларға жазылу