Тастанбек Есентаев: Спортшылар дайындығын ғылыммен үйлестіруіміз қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тастанбек Есентаев: Спортшылар дайындығын ғылыммен үйлестіруіміз қажет

19.02.2014
Тастанбек Есентаев: Спортшылар дайындығын ғылыммен үйлестіруіміз қажет
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің басшысы Тастанбек Есентаев конькимен жүгіру спортынан Ұлттық құраманың бас бапкері Вадим Саютиннің жұмысын бағалады.
 
«Біріншіден, Қазақстан құрамасының нәтижелері айтарлықтай жақсарды. Екіншіден, басқа елдердің спортшылары өте мықты болды. Мысалы, Нидерланд мемлекетінің көрсеткіштерін қараңыздар: олар қысқы спорттың тек бірнеше түрін ғана, яғни шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және конькимен жүгіру спортын дамытуда. Болашақта біз осы елдің тәжірибесімен танысып, спортшылар дайындығын ғылыммен үйлестіруіміз қажет. Сол себептен әрбір спортшымен арнайы ғылыми топ айналасуы тиіс» - деді агенеттік басшысы.
 
Соынмен қатар, Тастанбек Есентаев Нидерланд елінің спорт министрімен екі бағытта жұмыс істеуге уәделескенін жеткізді. Біріншісі – бұқаралық спортты дамыту, екіншісі – тәжірибе алмасу, Қазақстанға білікті мамандарды шақыру.

Хабарламаларға жазылу