Волейболдан ардагерлер арасында турнир өтті

06.12.2014
Волейболдан ардагерлер арасында турнир өтті

Бүгін волейболдан ардагерлер арасында Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Тастанбек Атақұловтың 70 жылдық мерейтойына арналған турнир өтті. Жарысқа Алматы қаласынан 6 команда қатысты. Команда мүшелерінің жасы егде тартқынымен ала допты алақанда иіріп, көпшілікті таң қалдырды. Тартысқа толы ойында жеңіске жеткен үш команда арнайы кубок пен қаржылай сыйлыққа ие болды. Айта кетейік, профессор Тастанбек Атақұлов өнегелі ғұмырын спорт пен білім саласының өркендеуіне арнап келеді.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу