Универсиадаға қатысуы мүмкін спортшылар үшін білім беру грантын көбейту қажет

24.10.2014
Универсиадаға қатысуы мүмкін спортшылар үшін білім беру грантын көбейту қажет

2017 жылы Қысқы Универсиадада жақсы нәтиже көрсету үшін қазірден бастап дайындық жұмыстарын бастау керек.  Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі алқа мәжілісінде отырысында Тастанбек Есентаев мәлімдеді.

«Универсиада – студенттердің спорттық додасы. Унивесиадада жақсы нәтиже көрсету үшін жарысқа қатысуға үміткер спортшыларға білім грантын арттыру қажет», - деді вице-министр.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігі барлық облыс әкімдігімен бірлесіп, 2017 жылғы Қысты Универсиадаға қатысатын спортшылар тізімін құрған болатын.

Хабарламаларға жазылу