Коломина мен Слонова командалық спринтте жүгіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коломина мен Слонова командалық спринтте жүгіреді

19.02.2014
Коломина мен Слонова командалық спринтте жүгіреді
  Бүгін Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан командалық спринт басталады. Әйелдер арасындағы бәсекеде Елена Коломина мен Анастасия Слонова ел үмітін ақтауға тырысады.
 
Қазақстандық шаңғышылар командалық спринтте 9-шы реттік нөмірмен жартылай финалға қатысады. «А» тобындағы сынға түсетін спортшыларымыздың қарсыластары – Норвегия, АҚШ, Швеция, Италия, Франция, Канада, Швейцария және Қытай құрамалары.
 
Командалық спринттен жартылай финалдық бәсекені «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталу уақыты – 15:05.

Хабарламаларға жазылу