Шаңғымен жүгіру жарысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаңғымен жүгіру жарысы аяқталды

13.02.2014
Шаңғымен жүгіру жарысы аяқталды
  Бүгін Олимпиада астанасында классикалық стильде шаңғымен жүгіруден әйелдер 10 шақырымдық жарысы аяқталды. Аталған сайыста қазақстандық үш спортшы бақ сынаған.
 
Олар Татьяна Осипова, Елена Коломина және Анастасия Слонова. Жерлесіміз  Елена Коломина 36-шы, Татьяна Осипова 52-ші, ал Анастасия Слонова 46-шы орыннан көрінді.
 
Айта кетейік, кешкі сағат 20.00-де биатлоннан жекелей сайыс өтеді. Бұл сында Ян Савицкий, Антон Пантов, Сергей Наумик және Александр Трифонов бақ сынайды.
 
Сол уақытта Екатерина Айдова 1000 метр қашықтыққа конькимен жүгіреді. 21.00-де Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан сынға түседі.

Хабарламаларға жазылу