АИ-95-96 және АИ-98 маркалы бензинiнің бағасы реттелмейдi - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АИ-95-96 және АИ-98 маркалы бензинiнің бағасы реттелмейдi

13.02.2014
АИ-95-96 және АИ-98 маркалы бензинiнің бағасы реттелмейдi
  Биылғы жылдың бiрiншi тоқсанының соңына дейiн жанар-жағармайдың қазiргi бағалары өзгермейдi. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң төрағасы Мұрат Оспанов мәлімдеді.  
 
«Өздерiңiзге белгiлi, АИ-80, АИ-92/93 маркалы бензинiне және дизель отынына мемлекеттiк реттеу қолданылады. АИ-95-96 және АИ-98 бензинiнің бағасы реттелмейдi, бәсекелес нарықта қалыптасады», - дедi ол бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте. 
 
Мемлекет реттейтiн мұнай өнiмдерiн сату кезiнде шектi бағаларды асыруға қатаң тыйым салынады. 
 
«Интернетте Алматы қаласының бiрқатар жанар-жағармай станцияларында баға көтерiлгенi туралы ақпарат тарады. Бiрақ, ол фактiнi тексеру кезiнде ешқандай жерде баға көтерiлмегенiн анықтадық», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу