Қазақстан бензин бағасы арзан елдер рейтингінде 8-орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бензин бағасы арзан елдер рейтингінде 8-орында

04.02.2021
Қазақстан бензин бағасы арзан елдер рейтингінде 8-орында

Елдегі бензиннің бағасы литріне 170 теңгені құрайды. Бұл көршілес Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанға қарағанда едәуір арзан, деп хабардайды energyprom.kz

Бензині арзан елдердің алғашқы үштігіне Венесуэла (8,4 теңге), Иран (29,5 теңге) және Ангола (102,6 теңге) кіреді. Ең қымбаты Сирияда, бұл елде бензиннің бір литрі 1,1 мың теңге тұрады.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың желтоқсанында АИ-95/АИ-96 маркалы бензиннің бағасы 0,8%-ға, яғни литріне 171,3 теңгеге дейін қымбаттаған. АИ-98 — 1,4%-ға (литріне 190,2 теңгеге), АИ-92 — 2,7%-ға (литріне 150,6 теңгеге) дейін өскен.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанда 4,5 млн тонна отын өндірілді.


Хабарламаларға жазылу