Жанар-жағармай бағасында өзгерiстер болмауы тиiс - Е.Досаев

11.02.2014
Жанар-жағармай бағасында өзгерiстер болмауы тиiс - Е.Досаев
 
Теңге бағамының өзгеруi - Қазақстанда жанар-жағармай бағасына әсер етпейдi. Дегенмен Аи-95 пен Аи-96 бензиндерiнiң бағасы көтерiлуi ықтимал. Бұл туралы бүгiн Астанада Қазақстан Республикасының  Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев мәлiм еттi.
 
«Бiздiң ойымызша, жанар-жағармай бағасында көп өзгерiстер болмауы тиiс. Бiз «Brent» маркалы мұнайдың бағасына қарайтынбыз, ол төмендесе, баға да түсуi керек. Көтерiлсе, бензин құны да жоғарыламақ. Алдағы уақытта да осы саясатты ұстанамыз. Болашақта «Brent» бағасы өзгерсе, онда бензин бағасы да өзгеруi ықтимал. Өйткенi бензиндi Қазақстанда өндiрудеміз. Бiрақ шетелден әкелiнетiн Аи-95, 96 жанар-жағармай бағасы өзгеруі мүмкін, деп ойлаймыз», - дедi ол.

Хабарламаларға жазылу