Қарағандыдағы кремний зауыты 3,1 миллиард теңгеге бағаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыдағы кремний зауыты 3,1 миллиард теңгеге бағаланды

10.02.2014
Қарағандыдағы кремний зауыты 3,1 миллиард теңгеге бағаланды
 
Қарағандыдағы жұмысын тоқтатқан кремний зауытының «Silicium Kazakhstan» ЖШС металл кремнийін өндіретін өндіріс кешені 3,1 миллиард теңгеге бағаланды. Бұл туралы  Қарағанды облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің жетекшісі Қайсар Жұмағалиев хабарлады.
 
«Silicium Kazakhstan» ЖШС өндіріс кешені 3,1 миллиард теңгеге бағаланды. Бұл жылжымайтын мүлік. Сауданың алғашқы кезеңі ұйымдастырылды, алайда, сатып алушылардың болмауынан ол өткізілген жоқ», - дейді Қ.Жұмағалиев.
 
Оның сөзіне қарағанда, жалақы төлеу бойынша қарыздардан құтылғаннан кейін зауыт мүлігі Қазақстанның инвестициялық қорына өтеді. Өйткені, оған кәсіпорынның Қазақстан даму банкі алдындағы 14 миллиард теңге көлеміндегі борышы аударылды.
 
Бұрын хабарланғандай, Қарағандыда бұл зауытты қалпына келтіру жұмысы басталды. ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен кен-металлургия саласы бойынша кеңес отырысында зауытты «Тау-Кен-Самұрық» ҰТК» АҚ басқаруына өткізу туралы шешім қабылданды.
 
Ұлттық компанияның деректеріне қарағанда, кәсіпорынды қалыпқа келтірудің алғашқы кезеңіне 1,5 миллиард теңге қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу