Атышулы кремний зауыты қайта іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атышулы кремний зауыты қайта іске қосылды

15.10.2014
Атышулы кремний зауыты қайта іске қосылды

Бүгін Қарағандыдағы металлургиялық кремний өндіретін зауыт қайта іске қосылды. Бұл «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының бірлесе стратегиялық инвестор тартуының нәтижесінде жүзеге асты.

Сөйтіп аймақтағы кремнийді өндіру үшін қажетті кварц және кокс шығаратын басқа да шикізаттық кәсіпорындардың тірлігіне қан жүгіретін болды.

Әлемдік нарықта кремнийге деген сұраныс шарықтап тұр. Алайда Қарағандыда 2009 жылы ашылған кремний өндіретін зауыттың жұмысы мардымды жүрмей, тоқтап қалған болатын.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу