Қазақстандықтар 15 жылда 193 миллиард минут сөйлескен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар 15 жылда 193 миллиард минут сөйлескен

07.02.2014
Қазақстандықтар 15 жылда 193 миллиард минут сөйлескен
Бүгін ұялы байланыс GSM стандартының Қазақстанда іске қосылғанына 15 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Kcell, Aсtiv, Beeline, Теле 2 абоненттері 193 миллиард минут сөйлескен, 28 миллиард SMS-хабарлама жіберген және 40 миллион ГБ астам ұтқыр интернет трафигін қолданған.
 
Байланыс және ақпараттандыру комитетінің хабарлауынша, осы жылдар ішінде республика аумағында ұялы байланыспен қамтитын 17 303 базалық станция орнатылды. Абоненттер саны (қолданыстағы SIM бойынша) 30 миллионға ұлғайып,  ұялы байланыс қызметтерінің құны орташа есеппен 10 есеге төмендеген.
 
2011-2012 жылдардағы «Ақпараттық қоғам өлшемдері» есебіне сәйкес, ұтқыр интернет құны бойынша Қазақстан дүниежүзінде 22 орын және ТМД елдері арасында ең төмен баға бойынша 1 орын алған.
Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев «Бұрын жаңа технологияларды енгізу және осы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз болатын. Қазір әрбір қазақстандық ұялы байланысты пайдаланатын уақытта бұл қызметтер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан, біздің басты мақсатымыз - қызмет көрсету сапасын арттыру», - дейді.

Хабарламаларға жазылу