Елімізде несие көлемі артып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде несие көлемі артып барады

31.05.2021

Сондай-ақ елімізде несие көлемі артып барады. Ұлттық банктің дерегі бойынша дәл қазір қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге 15 триллион 100 миллиард теңге берешек. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда бұл әлдеқайда көп. Мәселен 2019 жылы банктер 13 триллион 600 миллиард теңге несие берген. 2020-да 14 жарым триллион теңге. Осылайша банк алдындағы берешек 2019-дан бері бір жарым триллиондай өскен. Қарыздың жартысына жуығы яғни, 7 триллионнан астамы заңды тұлғаларға, ал қалған сегіз триллионға жуығы жеке тұлғаларға тиесілі. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу