Қарағанды қаласының алғашқы сызбасы 1930 жылдары жасалды. Алайда, 1960 жылдарда тұрғындардың көбеюіне байланысты қаланы кеңейту қажеттілігі туындады.
Содан бастап қалада панельді үйлердің дәуірі басталды. Осылайша, Қарағанды сәулетті тұрғын үйлерімен ерекшеленді.
Биыл – Қарағанды қаласына 80 жыл. Дәлірек айтқанда, 1934 жылдың ақпан айында қала мәртебесі берілген болатын.
Қарағанды бүгінде әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тұрағы. Өңірдің негізгі өндірісі – көмір. Сонымен қатар, аймақта шағын және орта бизнес те қарқынды дамуда.
Шаһар еліміздің өндірісті, мәдени және ғылыми орталығы, экономикалық және саяси тірегі.