Елордада мұз қалашығын салуға 80 млн теңге жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада мұз қалашығын салуға 80 млн теңге жұмсалады

23.11.2020

Жаңа жыл қарсаңында елордада жыл сайын сырғанақтар мен мұз қалашық салынады. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын таппақ.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімдігі дәстүрлі қалашықты салуға 80 млн теңге бөлді. Жекеменшік компаниялар арасында байқау өтіп, нәтижесінде «New level» ЖШС жеңіске жеткен. Енді олар 31 желтоқсанға дейін сырғанақтар мен мұзқалшық құрылысын аяқтауы тиіс.  

Ал қала бойынша қанша мұз қалашық мен сырғанақтар салынады? Қолданысқа қашан беріледі? Жыл сайынғы жұмсалған қаражатпен салыстырғанда 80 млн теңге аз ба, көп пе? Бұл сауалдарға жауап беруге әкімдік өкілдері асықпай отыр.

Ақниет Балтанова

Нұр-Сұлтан мұз қалашық

Хабарламаларға жазылу