Бүгін Елордада жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Елордада жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы басталды

29.05.2019

Биыл, осы Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі шартқа қол қойылғанына –  5 жыл және Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық интеграция жөніндегі идеясына – 25 жыл. Кеңестің мерейтойлық отырысына одаққа мүше мемлекеттердің басшылары арнайы келді.

Осыдан 5 жыл бұрын дәл осы күні Нұрсұлтан қаласында Еуразиялық экономикалық одақты құру жөнінде келісім жасалған болатын. Бүгін маңызды миссияның бастау алғанына тура – 5 жыл. Қысқа уақыт ішінде одақ интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасты. Одаққа мүше 5 елдің президенті қазір ортақ бастамаларды дамытудың өзекті мәселелері мен болашағын талқылап жатыр. Нақтырақ айтсақ, цифрлық даму тетіктері, алдағы 2 жылға бағытталған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарламалары сөз болуда. Саммит соңында бірлескен мәлімдеме жасалып, бірқатар халықаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу