Қарағандылық Геннадий Головкин Осуману Адамамен өткізетін жекпе-жегіне дейін инфекциялық ауруларды жұқтырып алмау үшін адамдар көп жүретін ортаға шықпайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Геннадий денсаулығына қатты көңіл бөледі», - дейді боксшының менеджері Олег Герман. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы қазір үлкен шаралар мен көпшілік ортаға шықпауды жөн көрген.
Естеріңізге сала кетейік, 31-жастағы боксшы 1-ақпанда Монте-Карлода Осуману Адамамен шаршы алаңда кездеседі. Бұл - Геннадий Головкиннің 2014 жылғы алғашқы кездесуі, ал кәсіпқой бокстағы 29-кездесуі болмақ.
Айта кетейік, Головкин-Адама жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.