Зарина Диас WTA рейтингінде 40 сатыға жоғарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас WTA рейтингінде 40 сатыға жоғарылады

27.01.2014
Зарина Диас WTA рейтингінде 40 сатыға жоғарылады
Әйелдер теннисінің қауымдастығы кезекті рейтингін жаңартты. Бұл тізімде Австралия ашық біріншілігінде үшінші айналымға дейін жеткен қазақстандық теннисші Зарина Диас 112 орынға көтерілді. Оның бұрынғы көрсеткіші – 152 орын.
 
Ал қазақстандық теннисші қыздардың ішінен ең жоғары нәтижеге Галина Воскобоева ие. Ол 77-ші орынан 71-ші орынға жылжыды. Ярослава Шведова – 79, Сесиль Каратанчева – 139, Юлия Путинцева – 122 орында.

Хабарламаларға жазылу