13 пен 17 жас аралығындағы америкалық жасөспірімдер арасында Facebook пайдаланушылардың саны соңғы үш жылда 25,3 пайызға қысқарды.
«iStrategyLabs» зерттеу компаниясының мәліметінше, 2011 жылы аталмыш желіде 13,1 миллион жасөспірім тіркелген. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 9,8 миллионға төмендеді.
Сондай-ақ, осы әлеуметтік желіге тіркелу көрсеткіші 18 бен 24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 45, 4 миллионнан – 42 миллионға (7,5) кеміген. Ал оқушылар мен студенттер арасындағы тіркелу 60 пайызға азайды.
Керісінше белсенділік (80 пайыз) 55 жастан жоғары топта байқалады.
Айта кетейік, Facebook – әлем бойынша ең танымал әлеуметтік желі қатарында Ол 2004 жылы құрылған. Пайдаланушылар саны бойынша Google мен YouTube-тен кейінгі 3-ші орында.