Әнші Шакира Facebook-тағы ең танымал жұлдызға айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Шакира Facebook-тағы ең танымал жұлдызға айналды

24.03.2014
Әнші Шакира Facebook-тағы ең танымал жұлдызға айналды
Қазіргі заманда танымал мәдениет қайраткерінің әрбіреуі үшін оның әлеуметтік желілердегі беделінің маңызы артып келеді.
 
Өткен аптаның соңында Колумбия-америкалық әнші Шакираның жұлдызы жанды. Ол ресми түрде Facebook-тағы ең танымал пайдаланушы ретінде танылды.
 
Әлеуметтік желінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, әншінің парақшасына 86 миллионнан астам адам қосылған, бұл көрсеткіш батыстағы танымал әнші Рианадан 2 миллионға артық. Шакира бұл оқиғаға байланысты өзінің әлеуметтік парақшасында былай деп жазған: «Маған жаңа ғана бүкіл әлемде Facebook бойынша ең көп досы бар адам екенімді хабарлады. Әлі күнге сене алар емеспін. Сіздермен дос болғаныма өте қуаныштымын. Сіздерге алғысымды айтамын, мен шексіз қуаныштымын!».

Хабарламаларға жазылу