Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев барды

19.05.2015
Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев барды

Биыл Оңтүстікте медицина саласына 90 миллард теңгеден  астам қаржы бөлінді. Былтыр жаңадан 64 емдеу мекемесі салынған болса, биыл тағы 24-нің құрылысы жүріп жатыр. Маман тапшылығы екі есеге қысқарды.

Біліктілігін арттыруға жіберілген дәрігерлер саны жыл сайын он есеге артып отыр.  Ең бастысы әлеуметтік сипатқа ие аурулардың салдарынан болатын өлім-жітім азайды. Демек, салаға жұмсалған қаржы құрдымға кеткен жоқ.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу