ДСҰ аясында автокөлік импортына кедендік баж салығы төмендейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықовтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.
«Кеден салығы едәуір төмендейді. Ол кезең-кезеңімен жүзеге асады. Қазір бізде жеңіл автокөліктерге деген салық көлемі 30 пайыз. Бұл жыл сайын түсіп отырады. Біз ДСҰ кіргеннен кейін 3 жылдан соң салық көлемі төмендейді деп үміттенеміз»,-деді Тимур Жақсылықов.
Оның айтуынша, Қазақстанның бұл ұйымға 2014 жылы кіруге мүмкіндігі бар. Қазір бұл мәәселе бойынша келісімдердің соңғы кезеңдері жүріп жатыр.