Сенатта үш жылдық бюджет нақтыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта үш жылдық бюджет нақтыланды

16.02.2017
Сенат 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдады. Оған сәйкес бюджетте кірістер мен шығыстардың көлемі бұрынғыдан жоғары болады. 2017 жылы республикалық бюджеттің кірістері 4 трлн. 891,9 млрд. көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 553,7 млрд. теңгеге артық. Негізгі түсімдердің ұлғаюы макроэкономикалық көрсеткіштің жақсаруы есебінен, сондай-ақ, корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, кедендік баж есебінен көтерілуде.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу