Экспорттық баж салығының мөлшері төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экспорттық баж салығының мөлшері төмендейді

17.03.2021

Ал ашық түсті мұнай өнімдеріне керісінше экспорттық баж салығының мөлшері төмендейді. Энергетика министрінің айтуынша, шикізат өңдеуді қолдау үшін биыл бензин, дизель мен авиациялық отынға экспорттық кедендік баж салығы 3 есеге азайған. Енді жанар-жағармай мен дизель отынын экспорттаушылар акциздерден босатылуы мүмкін. Бірақ сарапшылардың айтуынша, ашық түсті мұнай өнімдеріне экспорттық баж салығын төмендету бюджетке түсетін салықтың мөлшерін азайтады.

Рашид Жақсылықов, Мұнай-сервистік компаниялар одағының төралқа төрағасы:
Тіпті тоннасына 50 доллар салық салатын болсақ,  500 мың тонна қаншама мемлекетке түсім әкелер еді. Экономикалық салалардың ішіндегі ең маңыздысы және жоғарғысы мұнай саласы болғаннан кейін мұнай саласына бірден бұлай преференция беру дұрыс емес.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу