«Астана» баскетболшылары тағы да ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» баскетболшылары тағы да ұтылды

12.01.2014
«Астана» баскетболшылары тағы да ұтылды
ВТБ Лигасының кезекті турында «Астана» баскетбол клубы Мәскеудің «ЦСКА» командасын қабылдап, 69:88 есебімен жеңіліп қалды.
 
«Астана» сапында ең үздік нәтижені Джерри Джонсон мен Брион Раш көрсетті. Олар 12 ұпайдан жинады. Ал өзге ойыншылардың жинаған ұпайлары мынадай. Янис Блумс — 10, Оласени Лавал, Дмитрий Климов және Пэт Калатес — 8, Андрия Жижич — 5, Анатолий Колесников — 4, Бранко Цветкович — 2.
 
18 қаңтар күні «Астана» Самарада «Красные Крылья» командасымен кездеседі.
 
ВТБ Лигасы. 11-тур.
«Астана» (Астана, Қазақстан) — «ЦСКА» (Мәскеу, Ресей) 69:88 (20:24, 14:18, 17:24, 18:22).

Хабарламаларға жазылу