«Астана» баскетболшылары жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» баскетболшылары жеңіске жетті

25.10.2014
«Астана» баскетболшылары жеңіске жетті

ВТБ лигасының 4-ші турында «Астана» баскетбол клубы өз алаңында «Красный октябрь» ойыншыларын қабылдап, 94:76 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу басталысымен ойын тізгінін  өз қолдарына алған Александр Трифунович шәкірттері қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Ойын барысында «Астана» сапынан қорғаушы Джейкован Браун көп ұпай жинады. Оның еншісінде 24 ұпай.

Сондай-ақ, Патрик Калатес, Джерри Джонсон, Рашид Махалбасич, Анатолий Колесников, Антон Пономарев, Павел Ильин және Максим Марчуктың өнерін атап өтуге болады.

Енді елордалық клуб 2-қарашада сырт алаңда «Нижний Новгород» командасымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу