«Астана арландары» Куба командасынан ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» Куба командасынан ұтылды

22.02.2014
«Астана арландары» Куба командасынан ұтылды

Дүниежүзілік бокс сериясы аясында «Астана арландары»командасы кезекті кездесуін Куба былғары қолғап шеберлерімен өткізіп, 5:0 есебімен ұтылды. Куба спортшылары дүниежүзілік бокс сериясына жақында ғана қосылған, соған қарамастан 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Б тобында 24 ұпай жинаған кубалықтар топ басында, ал жерлестеріміз екінші сатыда. «Арландардың» кезекті кездесуі 1 наурызда Алматыда өтеді. Айта кетейік, сол бәсекеде «арландар» сапына жақында қосылған Данияр Елеусінов, Берік Әбдіраханов және Әділбек Ниязымбетов алғашқы жекпе жектерін өткізеді.

Хабарламаларға жазылу