«Astana Arlans» пен «Poland Hussars» кездесуін аса ауыр салмақтағы боксшылар қорытындылады. Бұл салмақта «арландардың» тәжірибелі боксшысы Василий Левитке сенім артылды. Қостанай бокс мектебінің мектебі бұл маусымда өткізген екі жекпе-жекті жеңіспен аяқтаған еді.
Ол бұл жолы польшалық боксшы Лукаш Зигмунтты жеңді. Бұл жеңістен кейін «Astana Arlans» сырт алаңда «Poland Hussars» командасын 4:1 есебімен ұтты. Сергей Корчинский шәкірттері келесі кездесуін 18 қаңтарда әзірбайжандық «Baku Fires»-пен өткізеді.