WSB. Ерік Әлжанов польшалық боксшыға есе жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Ерік Әлжанов польшалық боксшыға есе жіберді

11.01.2014
WSB. Ерік Әлжанов польшалық боксшыға есе жіберді
Кезек 75 келідегі боксшыларға келді. Бұл салмақта «Astana Arlans»-тың украиналық легионері Сергей Деревянченко жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда соңғы сәтте бас бапкер Сергей Корчинский оны Ерік Әлжановпен алмастырды.
 
Дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізген Ерік жанкүйерлерді қуанта алмады. Қазақстандық боксшы «Poland Hussars» капитаны Томаш Яблонскиге есе жіберді.
 
Бұл «Astana Arlans»-тың осы бокс кешіндегі алғашқы жеңілісі. Жалпыкомандалық есеп: 3-1. Қазақстандық команда алда.

Хабарламаларға жазылу