Бүгін «Astana Arlans» «Poland Hussars»-пен кездеседі (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Astana Arlans» «Poland Hussars»-пен кездеседі (ФОТО)

10.01.2014
Бүгін «Astana Arlans» «Poland Hussars»-пен кездеседі (ФОТО)
Қазақстандық «Astana Arlans» командасының боксшылары Дүниежүзілік бокс сериясы аясында кезекті жекпе-жегін өткізеді. Сергей Корчинский шәкірттерінің қарсыластары – «Poland Hussars» командасы.
 
Бокс кешін 49 келідегі Давид Ягодзиньски мен Мардан Берікбаев ашады. Әрі қарай шаршы алаңға 56 келідегі Марек Петрущук пен Мейірболат Тойытов көтеріледі. 64 келіде Дамиан Кивиор мен Асхат Уәлиханов жұдырықтасады. 75 келіде польшалық команданың капитаны Томаш Яблонскиге қарсы Ерік Әлжанов шығады. Ол соңғы сәтте Сергей Деревянченконы ауыстырды. 91 келідегі Лукаш Зигмунт пен Василий Левит жекпе-жекті аяқтайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, «Astana Arlans»  бұған дейін төрт кездесу өткізіп, турнир кестесінде екінші орында келеді. Олар тек «Cuba Domadores» командасына есе жіберді.
 
Төрт кездесуде жеңілген польшалық команда топтың соңында тұр. «Astana Arlans»  пен «Poland Hussars»  жекпе-жегі қаңтардың 10-нан 11-не қараған түні Польшада өтеді. Кездесуді «KAZsport» телеарнасы Астана уақыты бойынша 01:35-де тікелей эфирде көрсетеді.
 
18 қаңтар күні қазақстандық клуб Әзірбайжанда «Baku Fires»-пен жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде «арландардың» сапында ұлттық құрама мүшесі Ілияс Сүлейменов шаршы алаңға шығады деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу