50-ден астам отбасы материалдық көмек алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

50-ден астам отбасы материалдық көмек алды

03.01.2014
50-ден астам отбасы материалдық көмек алды
Волгоградтағы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар мен жарақат алғандардың отбасыларына материалдық көмек берілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің селекторлық жиынында Волгоград облысы губернаторының орынбасары Василий Галушкин мәлімдеді, деп хабарлайды РИА «Новости».  
 
«Волгоградтағы лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар мен жарақат алғандардың отбасыларына өтемақы төлеу жалғасуда. Барлық өтемақы 10 қаңтарға дейін төленеді», - деді Галушкин. Оның айтуынша, өтемақы федеральдық және облыстық бюджеттен бөлінген.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 29 және 30 желтоқсанында Волгоградта теміржол вокзалы мен троллейбуста болған жарылыс 34 адамның өмірін қиды, 70 шақты адам жарақат алды.

Хабарламаларға жазылу