13 мыңнан аса отбасы мемлекеттік көмек алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13 мыңнан аса отбасы мемлекеттік көмек алды

30.04.2024

Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу әлі жалғасып жатыр. Жалпы 13 мың 500-ден астам отбасы мемлекеттен көмек алды. Ал жалпы саны 22 мың 748 өтінім қабылданған. Атап айтсақ бүгінге дейін 13 мың 547 отбасы 369 мың 200 теңге көлемінде біржолғы төлем алған. Барлығы 4,9 млрд теңгеден асады. Ал мал шығыны үшін төленетін өтемақы 300 млн теңгеге асқан. Су тасқыны болған өңірлердегі залал келген 4 мыңнан аса тұрғын үй тексеріліп, 2 мың 717 нысанға бағалау жұмыстары жүргізілді. Үйі суға кеткен 50 отбасыға жаңа баспана берілді. Ал 527 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 682 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Торғын Мелісқызы


Хабарламаларға жазылу