Түркістанда радиологтар бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда радиологтар бас қосты

19.07.2019

Еліміздің ең үздік радиологтары Түркістанда бас қосты. Ғылыми-практикалық конференция қалалық орталық аурухана базасында өтті. Жиында сәулелік диагностиканың маңызы, радиологияның өзекті мәселелері талқыланды.

«Әлемдік мызғымас үрдіс бар да, үнемі тоқтамайтын үдеріс бар. Оған ілесу үшін үлкен ізденіс, ілім керек. Жаңа технологиялардың тілін білу керек»,- деді тәлімгерлер. Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтан келген мықты мамандар білгенімен бөлісіп, жас дәрігерлерге ақыл-кеңестерін айтты. Бас, ми, қан тамырлары, кеуде қуысындағы дерттерді дәл анықтайтын ең соңғы үлгідегі аппаратта диагностика жасаудың қыр-сырын үйретті. «Өйткені дұрыс қойылған диагноз - емнің ең үлкені»,-дейді олар.

Нұржан Тауасаров, Сәулелік диагностика дәрігері:

Оқыту, аппаратпен таныстыру кезінде 60 шақты емделушіні түсіріп көрдік. Әртүрлі ағзаға зерттеу жасадық.

Хабарламаларға жазылу