Түркістан өңірін қандай өзгерістер күтіп тұр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан өңірін қандай өзгерістер күтіп тұр?

24.06.2018

Жалпы, Түркістан қазақ азат болғаннан кейін ғой есін жиғаны. Кешегі кеңестік кезеңде түркілік айбары мен атағы, дүбірлеген даңқы үшін қақпай көріп, қағажу қалған еді. Жәдігер шаһар еңсесін тек 1500 жылдық мерейтойы тұсында тіктеді, есіңізде ме? Ырыс пен ырыздық тасытар Тайқазаны қайтарылды. Елге құт оралды. Көк күмбез күнмен таласқан Қожа Ахмет Йассауи кесенесі тәуелсіздік рухымен қайта жаңғырды. ЮНЕСКО арқылы қорғалатын көне ескерткіштің ажары ашылды. Түркі мемлекеттері президенттері Түркістанда бас қосты. Тұңғыш рет Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ашылды. Енді мінекей, күллі түркінің тарихын түгендеген, бабалардың асыл көзіндей Түркістан облыс орталығына айналды. Өңірді қандай өзгерістер күтіп тұр? Жергілікті тұрғындар шаһардың болашағына шығар күндей сенеді.

Хабарламаларға жазылу