Елжан Біртанов: Арыстағы жарылыстан жараланған балалардың бірін бүгін санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртанов: Арыстағы жарылыстан жараланған балалардың бірін бүгін санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізеді

27.06.2019

Арыстағы жарылыстан жараланған балалардың бірін бүгін санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізеді. Науқас Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ем алады. Тағы бір азаматты Алматыға ауыстыру жөнінде шешім қабылданған. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жарылыстан зардап шеккендердің арасында 9 адамның денсаулығы ауыр деп бағаланып отыр. Төртеуі —  бала. Ресми мәлімет бойынша, бас-аяғы 409 адам медициналық көмекке жүгінген. Соның 64-і қазір ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Министрдің айтуынша, науқастарға үздік  дәрігерлер тиісті көмек көрсетуде және Түркістан облысына төтенше жағдайға байланысты біліктілігі жоғары тағы бірнеше бригада жіберілген.  

 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

 

Жалпы ауруханада жатқан адамдардың 90 пайызы, 64 науқастың 56-сы түрлі-түрлі жарақаттар алған. Әрине, ол келешегі жарақаттың күрделілігіне байланысты. 6 науқас түтінмен уланған, 2 науқас отқа күйген. Радиоактивті заттардың нәтижесімен жатқан науқастар жоқ.

 

Ербол МӘНДІБЕК

 

 

Хабарламаларға жазылу