Елордалықтар бүгіннен бастап коронавирусты жедел анықтайтын тестілеуден өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар бүгіннен бастап коронавирусты жедел анықтайтын тестілеуден өтеді

08.04.2020
Елордалықтар бүгіннен бастап коронавирусты жедел анықтайтын тестілеуден өтеді

Коронавирусты жедел анықтайтын тест елордаға жеткізілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

«Дәл қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласына жедел тест жеткізілді. Жедел тестілеу Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қатаң жүргізіледі. Ең бірінші кезекте коронавирус індеті таралуының алдын алу жұмыстарына жұмылдырылған мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың қызметшілері, медициналық-санитарлық ұйымдардың бақылауында тұрған диспансерлік топтағы тұлғалар мен медицина қызметкерлері тестілеуден өтеді. Бұл жұмыстар бүгіннен басталады»,- деді ол. 

Хабарламаларға жазылу