Шортандыда газ баллонының жарылысынан тағы бір бала қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шортандыда газ баллонының жарылысынан тағы бір бала қайтыс болды

22.11.2021

Шортандыдағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллонының жарылуынан тағы бір адам көз жұмды. Денесінің 90 пайызын күйік шалған 12 жастағы бала елорданың ауруханасына жеткізілген еді.

Еске салайық, қайғылы оқиға 16 қарашада болған еді. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 11 тұрғын түрлі дәрежеде жарақат алған. Олардың жартысы аудандық ауруханаға, қалғандары елордаға санитарлық авиациямен жеткізілді. Оқыс оқиғадан зардап шеккен төрт бала қазір тиісті ем домын алып жатыр.

Әйгерім Ардаққызы, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
 Балада өте ауыр деңгейдегі термиялық шок болған. Барлығы осы уақыт аралығында 17-сінен 20-сына дейін бала реанимация бөлімшесінде ем қабылдады, барлық медициналық қызметкерлердің бақылауында болды. Алайда, ер баланы құтқаруға мүмкіндік болмады. 



Хабарламаларға жазылу