Өскеменде мамандар бедеулік мәселесін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде мамандар бедеулік мәселесін талқылады

10.06.2019

Шығыс Қазақстанда жасанды ұрықтандыру әдісін қолдану үшін 600 әйел кезекте тұр. Олар репродуктолог мамандардың көмегімен бала көтеруді көздейді. Бұл сала елімізде жоғары деңгейде дамыған, бірақ аймақтарда білікті маман тапшы. Бұл мәселе Өскеменде өткен ғылыми-тәжіребиелік конференцияда талқыланды.

Жиында экстрокорпоральды ұрықтандыру әдісімен бала көтеру, бедеулік пен белсіздікті емдеу жолдары кеңінен талқыланды. Дәрігерлердің айтуынша, дүниежүзіндегі әрбір 5-ші отбасы табиғи жолмен сәбилі бола алмайды. Мамандар туабітті бедеулік сирек кездесетінін айтты. Әйел адамның өздігінен бала көтере алмауына көп фактор әсер етеді.

Салтанат Байқошқарова, биология ғылымдарының докторы:

- Бізге келетін әйелдердің 70 пайыздан астамы бұрын түсік жасаған. Мәселені, экстракорпоральді ұрықтандырумен шешеміз деп, қазіргі кезде де жасанды түсік жасайтын әйелдер бар. Содан кейін, суық тигізу, жыныстық инфекциялардан болатын қабыну процестері, ер адамда да, әйел адамда да - соның бәрі осы бедеулікке алып келеді.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу